Елордалық стационарлардың 87 пайызында науқастар емделіп жатыр – әкім
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар жайлы мәлімет бере отырып, қосымша қандай жағдай жасалып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бүгінде елордада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 5 984-ке жетті. Олардың 54 пайызы немесе 3 248 адам жазылып шықты. Өкінішке қарай, 61 адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта біз инфекциялық және провизорлық стационарлардың санын көбейту бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз», - дейді әкім. Өз сөзінде стационарлар саны көбейтілгенін тілге тиек етіп өтті. «Президенттің тапсырмасына сәйкес, стационарлардағы орындар көбейтілді. Мәселен, карантин уақыты басталған шақта тек қана 3 стационар болып, онда 1 000-ға жуық орын қарастырылса, қазір 13 стационар ашылып, 3 700-ден астам бар. Оның 87 пайызында науқастар ем қабылдап жатыр», - деді А.Көлгінов.
-->Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар жайлы мәлімет бере отырып, қосымша қандай жағдай жасалып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бүгінде елордада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 5 984-ке жетті. Олардың 54 пайызы немесе 3 248 адам жазылып шықты. Өкінішке қарай, 61 адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта біз инфекциялық және провизорлық стационарлардың санын көбейту бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз», - дейді әкім. Өз сөзінде стационарлар саны көбейтілгенін тілге тиек етіп өтті. «Президенттің тапсырмасына сәйкес, стационарлардағы орындар көбейтілді. Мәселен, карантин уақыты басталған шақта тек қана 3 стационар болып, онда 1 000-ға жуық орын қарастырылса, қазір 13 стационар ашылып, 3 700-ден астам бар. Оның 87 пайызында науқастар ем қабылдап жатыр», - деді А.Көлгінов.