Жекеменшік клиникалар да коронавируспен күресте көмек көрсетеді – министрлік
Төсек орындары мен жансақтау бөлімдері бар еліміздегі жекеменшік клиникалар да коронавирус инфекциясымен күресте көмек көрсетеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният онлайн брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Жекеменшік клиникалардың барлығымен үлкен жиындар өтті. Соның ішінде төсек орындары мен жансақтау бөлімдері бар жекеменшік клиника басшылары қолдау көрсететін болды. Енді олар коронавируспен күресте көмек көрсету жөнінде Қормен келісімшартқа отырады», – деді вице-министр. Оның айтуынша, коронавируспен күрес бойынша Қазақстан тарапы әзірге халықаралық ұйымдардың көмегіне жүгінген жоқ. «Бүгінде көрші мемлекеттердегі әріптестеріміз өздері ынта білдіріп отыр. Мысалы, кеше ғана Ресейден дәрігерлер көмек көрсетуге келді. Біз олардың бұл көмегінен бас тартпаймыз. Жалпы, шетелдік әріптестерімізбен алдағы уақытта да жұмыс істейтін боламыз», – деді ол. Министрлік хабарлағандай, бүгінде Қазақстанда Covid-19 инфекциясымен күресте 46 мыңнан аса медициналық маман жұмылдырылған. Олардың арасында интерн-дәрігерлер, жоғары курста оқитын студенттер де инфекциялық және провизорлық стационарларда, емханаларда дәрігерлерге көмек көрсетуде.
-->Төсек орындары мен жансақтау бөлімдері бар еліміздегі жекеменшік клиникалар да коронавирус инфекциясымен күресте көмек көрсетеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният онлайн брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Жекеменшік клиникалардың барлығымен үлкен жиындар өтті. Соның ішінде төсек орындары мен жансақтау бөлімдері бар жекеменшік клиника басшылары қолдау көрсететін болды. Енді олар коронавируспен күресте көмек көрсету жөнінде Қормен келісімшартқа отырады», – деді вице-министр. Оның айтуынша, коронавируспен күрес бойынша Қазақстан тарапы әзірге халықаралық ұйымдардың көмегіне жүгінген жоқ. «Бүгінде көрші мемлекеттердегі әріптестеріміз өздері ынта білдіріп отыр. Мысалы, кеше ғана Ресейден дәрігерлер көмек көрсетуге келді. Біз олардың бұл көмегінен бас тартпаймыз. Жалпы, шетелдік әріптестерімізбен алдағы уақытта да жұмыс істейтін боламыз», – деді ол. Министрлік хабарлағандай, бүгінде Қазақстанда Covid-19 инфекциясымен күресте 46 мыңнан аса медициналық маман жұмылдырылған. Олардың арасында интерн-дәрігерлер, жоғары курста оқитын студенттер де инфекциялық және провизорлық стационарларда, емханаларда дәрігерлерге көмек көрсетуде.