Елорда жаңалықтары

Елордалық полицейлер 689 бума дәріні қымбат бағада сатпақ болған саудагерді ұстады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қысылтаяң шақта дәрі-дәрмектерді қымбат бағада сатып жатқан алаяқ саудагерлер ұсталып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. "6 шілде күні елордалық полицейлер Toyota көлігін тоқтатып, оның артқы бөлігі дәрі-дәрмектерге толып тұрғанын анықтады. Иесі дәрілерді 1 млн теңгеден жоғары бағада сатуға ниеттенген. Автокөлікте 689 бума цефтриаксон, азитромицин, ингавирин, сумамед, эуфиллин секілді дәрілер табылды", - дейді министр. Сөзін жалғай отырып, Шымкент қаласында бір әйел өзінің жеке үйінде заңсыз сауда жүргізгенін қозғап өтті. Тергеу жұмыстары кезінде тапшы болып тұрған дәрі-дәрмектің 229 түрінің 10 459 бумасы табылғанын жеткізді. Бұл дәрілердің бәрі тиісті емес жағдайда сақталған. Мұндай жағдай Жетісай, Атырау қалаларында да анықталған. Іздеу кезінде жүздеген бума дәрі табылыпты. Полицейлер заңсыз сауда кезінде бір ғана парацетомол дәрісінің құны нарықтағы бағадан 10 есе қымбат сатылғанын анықтады.

-->