Елорда жаңалықтары

Әлеуметтік желілердегі кеңеске емес, тек медицина мамандарының көмегіне жүгіну керек – Цой

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифингте әлеуметтік желілердегі таралып жүрген профессорлардың кеңесіне жүгінбеу керектігін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде көптеген отандық және шетелдік профессорлардың, мамандардың вирус жұқтырғанда қалай емделу керектігі жөнінде кеңес беру бейнежазбалары таралып жатыр. Алайда оған құлақ аспаған жөн. Себебі біздің медицина мамандары халықаралық және қазақстандық сарапшылардың нұсқаулығы бойынша жүргізілген нақты хаттама бойынша ем тағайындайды. Сондықтан егер аурудың симптомдары пайда болса, өз бетіңізше емделмей, дәрігердің көмегіне жүгінгеніңіз абзал. Бұл ретте дәріханаларда да дәрі жетіспей жатыр. Өйткені азаматтар ауырмаса да, алдын ала дәрі қорын сатып алып, бір айға шақталған препараттар бірнеше сағатта сатылып кетіп жатыр. Кейбір адамдар бірнеше антибиотикті өз бетінше қабылдауда. Алайда әр дәрінің өзінің кері әсері болады. Сонымен қатар оларды бір мезгілде пайдаланғанда бір-біріне де әсер етеді. Сондықтан дәріні де медицина мамандарының нұсқауы бойынша алу қажет», – деді ол.

-->