Елорда жаңалықтары

Халықаралық әуе рейсі тек Оңтүстік Кореямен орнатылады – Ластаев

Бүгіннен бастап Түркия тарапы қазақстандықтардың кіруіне шектеу қояды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Ішкі әуе рейстері тоқтатылмайды. 45 бағыт бойынша аптасына 500-ге жуық, күніне 71 маршрут орындалады. Ал халықаралық бағыттар бойынша тек алдын ала қарастырылған 2 елге ғана рұқсат берілген болатын. Ол – Түркия мен Оңтүстік Корея. Алайда кеше Түркия тарапынан бүгіннен бастап біздің елдің азаматтарына Түркияға кіруге уақытша шектеулер енгізу жөнінде ресми хат келді. Яғни енді тек Оңтүстік Кореямен ғана әуе байланысы бар. Басқа халықаралық рейстер әзірге ашылмайды», – деді ол.

-->