Мобильдік бригадалардың тарифі бекітілді, оның құны – 5 400 теңге
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният мобильдік бригадалардың тарифі туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Емханаларда және жедел жәрдем станцияларында мобильді қызмет бригадалары құрылып жатыр. Бұл бригадалардың тарифі бекітілді. Оның құны – 5 400 теңге. Егер коронавирустық немесе жіті респираторлық инфекция бойынша шақырту түссе мобильдік бригадалар тест алатын болады. Сондағы әр шақырылым сайын мобильдік бригаданың қызметіне ақы төленеді. Тек бір адамға бұл бригада 2-3 рет бармайды. Өйткені тест бер рет алынып, науқаста коронавирустың бар-жоғы анықталып, ол туралы учаскелік емханасына ақпарат беріледі», – деді ол.
-->ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният мобильдік бригадалардың тарифі туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Емханаларда және жедел жәрдем станцияларында мобильді қызмет бригадалары құрылып жатыр. Бұл бригадалардың тарифі бекітілді. Оның құны – 5 400 теңге. Егер коронавирустық немесе жіті респираторлық инфекция бойынша шақырту түссе мобильдік бригадалар тест алатын болады. Сондағы әр шақырылым сайын мобильдік бригаданың қызметіне ақы төленеді. Тек бір адамға бұл бригада 2-3 рет бармайды. Өйткені тест бер рет алынып, науқаста коронавирустың бар-жоғы анықталып, ол туралы учаскелік емханасына ақпарат беріледі», – деді ол.