Қазіргі уақытта 511 медицина маманы емін жалғастырып жатыр – Есмағамбетова
ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус жұқтырған медицина мамандары туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Медицина қызметкерлері жалпы ауырғандардың 11,5 пайызын құрайды. Дертке шалдыққан медицина мамандарының 492-сіне пневмония диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта 511 медицина маманы емін жалғастырып жатыр. Сонымен қатар ауру жұқтырған медицина мамандарының арасында 18 өлім жағдайы тіркелді. Қайтыс болғандардың көбі коронавирус жұқтырған науқастарға көмек көрсеткеннен кейін дертке шалдыққан», – деді ол.
-->ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус жұқтырған медицина мамандары туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Медицина қызметкерлері жалпы ауырғандардың 11,5 пайызын құрайды. Дертке шалдыққан медицина мамандарының 492-сіне пневмония диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта 511 медицина маманы емін жалғастырып жатыр. Сонымен қатар ауру жұқтырған медицина мамандарының арасында 18 өлім жағдайы тіркелді. Қайтыс болғандардың көбі коронавирус жұқтырған науқастарға көмек көрсеткеннен кейін дертке шалдыққан», – деді ол.