Елжан Біртановтың жағдайы жақсарып келеді
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният экс-министрдің жағдайы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. "Елжан Амантайұлы (Біртанов) инфекциялық стационардан шықты. Қазір амбулаторияда ем-домын жалғастырып жатыр", - деді вице-министр онлайн баспасөз конференциясы кезінде. Айта кетейік, 14 маусым күні Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшысы Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырып алғанын мәлім еткен болатын. Оған пневмония диагнозы қойылған. Ал 25 маусым күні ол қызметінен босатылып, орнына Алексей Цой тағайындалған.
-->Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният экс-министрдің жағдайы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. "Елжан Амантайұлы (Біртанов) инфекциялық стационардан шықты. Қазір амбулаторияда ем-домын жалғастырып жатыр", - деді вице-министр онлайн баспасөз конференциясы кезінде. Айта кетейік, 14 маусым күні Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшысы Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырып алғанын мәлім еткен болатын. Оған пневмония диагнозы қойылған. Ал 25 маусым күні ол қызметінен босатылып, орнына Алексей Цой тағайындалған.