А.Цой: Елімізде жедел жәрдем қызметіне тәулігіне орташа есеппен 30 мыңнан аса шақырту түседі
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жедел жәрдем көліктері мен дәрігерлердің жетіспеушілігін шешу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Жедел жәрдем қызметі көліктерінің жетіспеушілігін жою үшін қысқа уақыт аралығында әкімдіктермен бірлесе отырып, медициналық емес ұйымдардың есебінен шешіледі. Республикалық бюджеттен 807 жедел жәрдем көлігін сатып алу күтіліп отыр. Олардың арасында алғашқы партиясы шілде айында Нұр-Сұлтан қаласына 14 көлік, Солтүстік Қазақстан облысында 18 көлік қолданысқа беріледі», - деді министр. Ведомство басшысы өз сөзінде мамандар тапшылығын шешу жолдары қалай жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Кадр тапшылығын шешу үшін медициналық колледждердің түлектері (112 адам) жұмылдырылды. Жергілікті атқарушы органдарға түрлі ресурстардан қосымша коронатакси ұйымдастыру жайлы ұсыныс берілді. Күн сайын елімізде шақыртуларға 1 400 бригада алмасып шығады. Соңғы екі аптада тәулігіне орташа есеппен 30 мыңнан асып кетті. Бұл қалыпты нормадан екі есе көп», - деді министр.
-->Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жедел жәрдем көліктері мен дәрігерлердің жетіспеушілігін шешу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Жедел жәрдем қызметі көліктерінің жетіспеушілігін жою үшін қысқа уақыт аралығында әкімдіктермен бірлесе отырып, медициналық емес ұйымдардың есебінен шешіледі. Республикалық бюджеттен 807 жедел жәрдем көлігін сатып алу күтіліп отыр. Олардың арасында алғашқы партиясы шілде айында Нұр-Сұлтан қаласына 14 көлік, Солтүстік Қазақстан облысында 18 көлік қолданысқа беріледі», - деді министр. Ведомство басшысы өз сөзінде мамандар тапшылығын шешу жолдары қалай жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Кадр тапшылығын шешу үшін медициналық колледждердің түлектері (112 адам) жұмылдырылды. Жергілікті атқарушы органдарға түрлі ресурстардан қосымша коронатакси ұйымдастыру жайлы ұсыныс берілді. Күн сайын елімізде шақыртуларға 1 400 бригада алмасып шығады. Соңғы екі аптада тәулігіне орташа есеппен 30 мыңнан асып кетті. Бұл қалыпты нормадан екі есе көп», - деді министр.