Елорда жаңалықтары

Санитарлық талапты бұзған жеке тұлғаларға 83 мың теңге, заңды тұлғаларға 600 мың теңге айыппұл салынады

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифингте санитарлық талапты бұзған жеке тұлғаларға 83 мың теңге, заңды тұлғаларға 600 мың теңге айыппұл салынатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Инфекцияның елімізге кең таралуының тағы бір себебі жұртшылықтың ескертуге құлақ аспай, немқұрайлылық танытуы болып отыр десек, артық айтқандық болмас. Әлем бойынша бұл дертті жұқтырғандар саны 10 миллионнан асып, соның 500 мыңнан астамы қайтыс болса да, біздің елде тығылып той тойлап, бетперде тағуды әлі де ұят санайтындар да жоқ емес. Қонақтарды мейрамхананың артқы есігінен кіргізіп қыз ұзатып, құдалық өткізу, аулада той жасау, туған күн тойлау, ас беру сияқты жасырын шаралардың өтіп жатқанына көпшілігіңіз куә болып та жүрген шығарсыздар. Алайда осындай шаралардың соңында кемінде 20 адамға дейін ауруханаға түсіп, қайтыс болып жатқандары да бар. Мемлекет басшысы айтқандай, қазір – той тойлайтын емес, ой ойлайтын кезең. Біз – бір халықпыз, олай болса жауапкершілігіміз де – бір. Бұл – жеке басымыздың жауапкершілігі, отбасымыздың алдындағы жауапкершілік және қоғам алдындағы жауапкершілік. Сонымен қатар заң алдында да жауапкершілікке тарту қарастырылып отырғанын айта кету керек. Бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған жеке тұлғаларға 83 мың теңге, заңды тұлғаларға 600 мың теңгеден астам айыппұл салынады. Жалпы, бұл індет мемлекет таңдамайды. Сондықтан біз оны тек бір-бірімізге деген сенім мен ауызбіршіліктің арқасында ғана жеңе аламыз», – деді ол.

-->