Елорда жаңалықтары

Елімізде шақыртуларға шығатын 3 мыңға тарта мобильдік бригада құрылады – министр

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой науқастардан түскен шақыртуларға арнайы мобильдік бригада шығатынын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Министр өз сөзінде карантин уақытында денсаулық сақтау жүйесінің қызметі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, бірқатар іс-шаралардың жүзеге асуын қамтамасыз ететінін жеткізді. «Симптомсыз әрі жеңіл күйдегі науқасқа амбулаторлық көмек шақыртуларға шығатын мобильді бригадалар тарапынан көрсетіледі. Қазірдің өзінде 380 бригада құрылды. Шамамен 3 мыңға тарта бригада құру жоспарда бар. Бүгінде 1 шілдеден бастап шақыртуға шығатын бригадаларға төленетін ақысына қатысты арнайы тарифтер әзірленді. Емханаларға тіркелген тұрғындар консультативтік көмек алуды жалғастыра береді. Учаскелік дәрігерлер, профильді мамандар қашықтан көмек көрсетеді», - дейді Алексей Цой.

-->