Елорда жаңалықтары

14 күнге карантин жариялау туралы шешім қабылданды – Тоғжанов

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифингте 5 шілдеден бастап 14 күнтізбелік күн карантин жариялау туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «29 маусым күні Мемлекет басшысы коронавирустық инфекцияның кең таралмауын алдын алу шараларына қатысты өткізілген кеңесте Үкімет алдына бірқатар нақты міндет қойды. Соған байланысты Премьер-Министрдің төрағалығымен мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Осы отырыста коронавирустың таралуын болдырмау үшін шектеу қою туралы мәселелер мен арнайы іс-әрекет жоспарлары қаралды. Аталған жоспарда азаматтар мен бизнестің мүдделері толық ескерілген. Сол жоспарға негізделе отырып, инфекцияның таралуын тұрақтандыруға бағытталған шектеу шараларын ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап 14 күнтізбелік күнге карантин жариялау туралы шешім қабылданды», – деді ол. Оның айтуынша, ел ішіндегі әуе рейстер сақталады, бірақ рейстер саны көбейтілмейді. Ал теміржол қатынасының көлемі қысқартылып, қаларалық бағыттардағы автобустардың қозғалысы шектеледі. Жеке көліктердің өңіраралық қозғалысына шектеу қойылмайды. Сондай-ақ қала ішіндегі қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылмайды, тек уақыты қысқартылады. Сонымен қатар вице-премьер көшеде 3 адамнан артық жүруге болмайтынын, ашық аспан астында жекелеген жаттығуларды жасауға рұқсат берілетінін атап өтті. Оның сөзінше, азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа жабық сауда орталықтары және ойын-сауық орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылады.

-->