Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда 2,8 мыңнан аса көппәтерлі тұрғын үй дезинфекцияланды

Елордада күн сайын дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 2800-ден астам көппәтерлі тұрғын үйге дезинфекция жүргізілді, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Оның ішінде 10 мыңнан астам кіреберіс, 1500-ден астам спорт және балалар алаңы, 1300-ден астам автобус аялдамасы бар. Күн сайын өңдеу жұмыстарына шамамен 500 адам шығады. Дезинфекция жұмыстарына қалалық қызметтермен бірге қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелері мен әскерге шақырылғандар да қатысуда. Бүгін коронавируспен күресіп жатқан медицина саласының қызметкерлері тұратын "Думан" қонақ үйінің аумағында дезинфекция жүргізілді. [caption id="attachment_8612" align="alignnone" width="696"] Фото қала әкімдігінің ресми сайтынан алынды[/caption] "Біздің бригаданың бөлімшесі Нұр-Сұлтан аумағын дезинфекциялаумен айналысады. Қаланы дезинфекциялауға 300-ден астам адам мен 30-дан астам арнайы техника жұмылдырылды. Күн сайын біз 80-90 нысанды дезинфекциядан өткіземіз. Әскери бөлімнің жеке құрамы оқытылды, дезинфекция жүргізуге дайын, барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етілді, дезинфекциялық құралдар қоры бар", - деп атап өтті 68/665 ә/б радиациялық химия-биологиялық қорғау қызметінің бастығы Дмитрий Ефимов. [caption id="attachment_8614" align="alignnone" width="696"] Фото қала әкімдігінің ресми сайтынан алынды[/caption] Дезинфекциялық ерітінділермен қаланың барлық базарлары, медициналық мекемелері, сауда орталықтары, супермаркеттері, өткізу-бақылау бекеттері, орамішілік аумақтардың іргелес аумақтары өңделеді.

-->