Елорда жаңалықтары

Марқұмдарды жерлеу кезінде гигиеналық нормалар сақталуы керек – Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі жайлы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Марқұмдарды жерлеу ел тұрғындары үшін маңызды мәселе болып отыр. Қолданыстағы тәртіпке өзгерістер енгізілді. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық гигиеналық нормалар сақталса кез келген зираттарға рұқсат етіледі», - дейді министр. Ведомство басшысы сөз арасында гигиеналық нормалар сақталмай жатқанын айрықша қозғап өтті. «Санитарлық нормалардың 5 басты заңын бәріміз білеміз: маска мен қолғапты міндетті түрде тағу, қолды жиі жуу, ара қашықтықты сақтау, адам көп жиналған жерлерге жоламау, амандасқанда қол беріп, құшақтаспау. Ал практика жүзінде бұл тәртіптің үнемі сақталмайтынына куә болып жүрміз. Санитарлық талаптарды қатаң сақтау өзіңіздің де, жақындарыңыздың да өмірін сақтап қалуы мүмкін», - деді Алексей Цой.

-->