Қазақстандық нокаутшы үш жыл үзілістен соң рингке оралмақ
Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Серік Мұсәділов (5-0, 5 КО) рингке жоспардан бір апта кеш оралады, деп хабарлайды Елорда Инфо Prosports.kz-ке сілтеме жасап. Boxrec.com порталының мәліметінше, 25 жастағы қазақстандық келесі жекпе-жегін 24 шілдеде Майамидегі Manual Artime Community Center Theater аренасында өткізеді. Қарсыласы 35 жастағы америкалық Куинтелл Томпсон (4-10-1, 4 КО) болады. Бұған дейін Мұсәділов рингке 17 шілдеде оралады деп хабарланған. Негізі басында Серік пен Куинтелл 14 наурызда жұдырықтасуы керек болған. Алайда бұл жекпе-жек коронавирус пандемиясына байланысты шегерілген. Айта кетсек, Серік Мұсәділов соңғы жекпе-жегін 2017 жылы 29 қарашада өткізген. Сол кезде ол мексикалық Мартин Сансоресті екінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Жалпы, кәсіпқой бокста Мұсәділов бес кездесу өткізіп, бәрін нокаутпен аяқтаған.
-->Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Серік Мұсәділов (5-0, 5 КО) рингке жоспардан бір апта кеш оралады, деп хабарлайды Елорда Инфо Prosports.kz-ке сілтеме жасап. Boxrec.com порталының мәліметінше, 25 жастағы қазақстандық келесі жекпе-жегін 24 шілдеде Майамидегі Manual Artime Community Center Theater аренасында өткізеді. Қарсыласы 35 жастағы америкалық Куинтелл Томпсон (4-10-1, 4 КО) болады. Бұған дейін Мұсәділов рингке 17 шілдеде оралады деп хабарланған. Негізі басында Серік пен Куинтелл 14 наурызда жұдырықтасуы керек болған. Алайда бұл жекпе-жек коронавирус пандемиясына байланысты шегерілген. Айта кетсек, Серік Мұсәділов соңғы жекпе-жегін 2017 жылы 29 қарашада өткізген. Сол кезде ол мексикалық Мартин Сансоресті екінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Жалпы, кәсіпқой бокста Мұсәділов бес кездесу өткізіп, бәрін нокаутпен аяқтаған.