Спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңдері 2021 жылы өткізіледі
Коронавирус індетінің етек жайып, Токио Олимпиадасының кейінге шегерілгені әлемдік спортқа біраз өзгеріс әкелді. Осыған орай, Халықаралық гимнастика федерациясы 2020 жылғы әлем кубогі кезеңдерін өткізу мерзімін қайта қарады деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz-ке сілтеме жасап. Биылғы маусымда кейінге шегерілген үш кубоктік кезең 2021 жылға ауыстырылды. Атап айтар болсақ, Штутгарт (Германия), Бирмингем (Ұлыбритания) және Токиодағы (Жапония) әлем кубогі кезеңдері келесі жылы өтеді. Кейінге шегерілген турнирлер қатарында төрт елде өтетін World Challenge Cups бәсекелері де бар. Әзірге әлем кубогінің нақты өту мерзімі айтылған жоқ.
-->Коронавирус індетінің етек жайып, Токио Олимпиадасының кейінге шегерілгені әлемдік спортқа біраз өзгеріс әкелді. Осыған орай, Халықаралық гимнастика федерациясы 2020 жылғы әлем кубогі кезеңдерін өткізу мерзімін қайта қарады деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz-ке сілтеме жасап. Биылғы маусымда кейінге шегерілген үш кубоктік кезең 2021 жылға ауыстырылды. Атап айтар болсақ, Штутгарт (Германия), Бирмингем (Ұлыбритания) және Токиодағы (Жапония) әлем кубогі кезеңдері келесі жылы өтеді. Кейінге шегерілген турнирлер қатарында төрт елде өтетін World Challenge Cups бәсекелері де бар. Әзірге әлем кубогінің нақты өту мерзімі айтылған жоқ.