Елорда жаңалықтары

Енді азаматтар дербес деректерін өзге біреудің сұратқаны туралы хабардар болады – министр

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысы қол қойған Жаңа технологиялар туралы Заңға қатысты өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Мемлекет басшысы Жаңа технологиялар туралы Заңға қол қойды. Бұл осы сала үшін өте маңызды құжат және оған Қазақстанда цифрлық технологияларды одан әрі енгізу, қолдану аясын кеңейтуге бағытталған 240 түзету енгізілген. Шын мәнінде, бұл – заңнаманы уақыт талабына сай үйлестіретін құжат. Біріншіден, саланы одан әрі дамыту үшін маңызды «блокчейн», «зияткерлік робот» және т.б. ұғымдар заңнама деңгейінде бекітіледі. Екіншіден, мемлекеттік қызметтер көрсету, дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірқатар өзгерістер енгізу көзделген. Естеріңізде болса, дәл осы заңның цифрлық құжаттардың қағаз құжаттармен бірдей қолдануына заңды күш беретінін айтқан едім. Заңға тәуелді актілер бекітілгеннен кейін цифрлық құжаттарды қағаз құжаттармен бірдей қолдана аласыз. Мемлекеттік қызметтерді биометриялық параметрлер және т.б. бойынша алу мүмкін болады", – деп жазды Асқар Жұмағалиев Facebook-тегі парақшасында. Оның сөзінше, ақпараттық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғауға қатысты бірқатар түзетулер енгізілді. Енді азаматтар өздерінің дербес деректерін өзге біреудің сұратқаны туралы міндетті түрде хабардар болады, ал Ақпараттық қауіпсіздік комитеті дербес деректерді қорғау жөніндегі агенттік мәртебесіне ие болады.

-->