Мемлекет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды
2020 жылдың 25 маусымында Мемлекет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды, деп хабарлайды Елорда Инфо Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап. Заң түзетулерінің топтамасы 2015 жылғы 22 желтоқсандағы тұтынушылардың мүдделерін қорғау мәселелері бойынша БҰҰ-ның мызғымас қағидаттары негізінде қалыптасты. Бұл: - өз халқын тұтынушылар ретінде тиісінше қорғауды қамтамасыз ету; - кәсіпкерлерді тәртіптің этикалық нормаларын қатаң сақтауға шақыру, клиентке бағытталған бизнесті қолдау; - тұтынушылардың тәуелсіз топтарын құруға ықпал ету, қоғамдық бақылауды күшейту; - тұтынушылық дауларды реттеудің тиімді тетіктерін және тұтынушыларды құқықтық қорғау құралдарын енгізу Атап айтқанда, Заңмен жаңа ережелер мен форматтарды: - шағымдарды қараудың 3-сатылы жүйесін; - тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сату орындарында сатушының, уәкілетті органның және сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыстарын орналастырмағаны үшін, сондай-ақ тауарларды айырбастау немесе ақшаны қайтарудан бас тарту және тұтынушылардың шағымдарын елемеу үшін кәсіпкерлердің жауапкершілігі; - тұтынушылардың заңды мүдделері өкілдерінің және сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің тізімін; - сатушы, сотқа дейінгі реттеу субъектілері мен уәкілетті органның сатыларындағы өтініштерді қарау тетіктерін; - Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы шағымдарды қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін; - Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңесті енгізу және құру қарастырылған.
-->2020 жылдың 25 маусымында Мемлекет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды, деп хабарлайды Елорда Инфо Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап. Заң түзетулерінің топтамасы 2015 жылғы 22 желтоқсандағы тұтынушылардың мүдделерін қорғау мәселелері бойынша БҰҰ-ның мызғымас қағидаттары негізінде қалыптасты. Бұл: - өз халқын тұтынушылар ретінде тиісінше қорғауды қамтамасыз ету; - кәсіпкерлерді тәртіптің этикалық нормаларын қатаң сақтауға шақыру, клиентке бағытталған бизнесті қолдау; - тұтынушылардың тәуелсіз топтарын құруға ықпал ету, қоғамдық бақылауды күшейту; - тұтынушылық дауларды реттеудің тиімді тетіктерін және тұтынушыларды құқықтық қорғау құралдарын енгізу Атап айтқанда, Заңмен жаңа ережелер мен форматтарды: - шағымдарды қараудың 3-сатылы жүйесін; - тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сату орындарында сатушының, уәкілетті органның және сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыстарын орналастырмағаны үшін, сондай-ақ тауарларды айырбастау немесе ақшаны қайтарудан бас тарту және тұтынушылардың шағымдарын елемеу үшін кәсіпкерлердің жауапкершілігі; - тұтынушылардың заңды мүдделері өкілдерінің және сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің тізімін; - сатушы, сотқа дейінгі реттеу субъектілері мен уәкілетті органның сатыларындағы өтініштерді қарау тетіктерін; - Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы шағымдарды қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін; - Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңесті енгізу және құру қарастырылған.