Елордада төтенше жағдай кезінде арнаулы әскери жиынға шақырылғандар кімдер?
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 2 сәуірдегі №296 Жарлығына сәйкес астанада әскери міндеттілер тізімі құрылып, әскерге шақырылды. Бүгін Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов пен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы Мұрат Бектанов әскери міндетті-еріктілермен кездесті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Бірінші кезеңде 100 әскери міндетті шақырылды. Олардың бәрі әскери міндетті-еріктілер. Қажет болған жағдайда олардың саны ұлғайтылады. Әскери міндеттілер қатарында белгілі қазақстандық боксшы, "Көк тудың желбірегені" әнінің авторы әрі орындаушысы Ибрагим Ескендір де бар. "Халық әрқашан шығармашылық адамдарын, спортшыларды қолдайды. Біз бұл қолдауды сеземіз. Халқыма қызмет етуге дайынмын. Мен запастағы лейтенантпын, бокспен айналысатындықтан физикалық тұрғыда төзімдімін. Мемлекет басшысының әскери міндеттілерді арнаулы әскери жиынға шақыру туралы Жарлығын естігенде, еш күмәнсіз бірден елордадағы әскери комиссариатқа келдім. Медициналық тексеруден өттім, қызметке дайынмын", - деді Ибрагим Ескендір. Қала әкімі Алтай Көлгінов атап өткендей, әскери міндеттілердің негізгі міндеттері -коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб жұмысына қатысу, өткізу-бақылау бекеттерінде қызмет атқару, қала аумағына дезинфекция жүргізу, инфекция ошақтары анықталған нысандарды күзету және тағы басқа. Әскери міндеттілер тамақ, киім-кешек әрі еңбекақымен толық қамтамасыз етілген.
-->Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 2 сәуірдегі №296 Жарлығына сәйкес астанада әскери міндеттілер тізімі құрылып, әскерге шақырылды. Бүгін Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов пен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы Мұрат Бектанов әскери міндетті-еріктілермен кездесті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Бірінші кезеңде 100 әскери міндетті шақырылды. Олардың бәрі әскери міндетті-еріктілер. Қажет болған жағдайда олардың саны ұлғайтылады. Әскери міндеттілер қатарында белгілі қазақстандық боксшы, "Көк тудың желбірегені" әнінің авторы әрі орындаушысы Ибрагим Ескендір де бар. "Халық әрқашан шығармашылық адамдарын, спортшыларды қолдайды. Біз бұл қолдауды сеземіз. Халқыма қызмет етуге дайынмын. Мен запастағы лейтенантпын, бокспен айналысатындықтан физикалық тұрғыда төзімдімін. Мемлекет басшысының әскери міндеттілерді арнаулы әскери жиынға шақыру туралы Жарлығын естігенде, еш күмәнсіз бірден елордадағы әскери комиссариатқа келдім. Медициналық тексеруден өттім, қызметке дайынмын", - деді Ибрагим Ескендір. Қала әкімі Алтай Көлгінов атап өткендей, әскери міндеттілердің негізгі міндеттері -коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб жұмысына қатысу, өткізу-бақылау бекеттерінде қызмет атқару, қала аумағына дезинфекция жүргізу, инфекция ошақтары анықталған нысандарды күзету және тағы басқа. Әскери міндеттілер тамақ, киім-кешек әрі еңбекақымен толық қамтамасыз етілген.