Елорда жаңалықтары

"Ливерпуль" 30 жылдан кейін Англия чемпионы атанды

"Ливерпуль" футбол командасы 2019/20 маусымында Англия премьер-лигасының (АПЛ) жеңімпазы атанды. Юрген Клопп жетекшілік ететін ұжым соңғы 30 жылда қол жеткізе алмаған чемпиондық атаққа ие болды деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Өткен түнде "Челси" клубы "Манчестер Сити" командасын 2:1 есебімен жеңгеннен кейін "Ливерпуль" біріншіліктің аяқталуына 7 тур қалғанда чемпион атанды. Юрген Клопп шәкірттері осылайша турнирлік кестеде 2-орында келе жатқан "Манчестер Ситиден" 23 ұпайға озып кетті. Келесі турда дәл осы екі команда кездеспек. Шетелдік БАҚ мерсисайдтықтардың құрметіне "Манчестер Сити" чемпиондық дәліз ұйымдастыратынын хабарлаған болатын. Айта кетейік, "Ливерпуль" өз тарихында 19 мәрте Англия чемпион атанып отыр. Олар соңғы рет 1989/90 маусымында чемпионатты жеңіп алған.

-->