Елорда жаңалықтары

Ерлан Қаналимов азаматтарды онлайн форматта қабылдады

"Nur Otan" партиясының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Қаналимов азаматтарды онлайн форматта қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Алғаш рет азаматтарды қабылдауды жаңа форматта өткіздім. Онлайн қабылдауға 7 адам жазылған болатын. Келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстардың барлығы дерлік жедел түрде шешілді. Көп балалы ана Д.Казимованың екі баласына балабақшаға тегін баруға орындар қарастыра бастадық. Ə.Мəмбетов көшесі, 4-үйде орналасқан тұрғын үй меншік иелерінен құралған бастамашыл топтың өкілі М.Нұрбаеваның тұрғын үйде хостелдің орналасуы бойынша өтініші жақын арада мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен хостелдің заңсыз қызметін тоқтатуға қатысты шаралар қабылдау үшін көшпелі кеңес ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар қала тұрғындары балаларды оқу орындарына рәсімдеу, тұрғын үй, автокөлік тұрақтарын беру мәселелері бойынша өтініш білдірді. Кейбірі қоғамдық мәселелерді шешуде өтеусіз көмектерін ұсынды", – деп жазды Ерлан Қаналимов Facebook парақшасында.

-->