Елорда жаңалықтары

Футзалдан Қазақстан чемпионаты кейінге қалдырылды

Футзалдан Қазақстан чемпионаты кейінге шегерілді. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Коронавирус індетінің өршуіне байланысты Мәдениет және спорт министрлігінің хатын негізге ала отырып, Қазақстан футбол федерациясы футзалдан Қазақстан чемпионатын 2020 жылдың 1 тамызынан бастауды құп көрді», - делінген ресми мәлімдемеде. Айта кетерлігі, бұған дейін маусымды жаңарту 3 шілдеге жоспарланған болатын.

-->