Бағаны көтерген жағдайда 530 мың теңге айыппұл төлейді – басқарма басшысы
Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев астанадағы барлық кәсіпкерді бағаны қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Әкімдік қала резервтерін толтыру және бағаны тұрақтандыру бойынша бірқатар шара қабылдады. Біріншіден, өңірлермен жеміс, көкөніс және ет, азық-түлік өнімдеріне белгіленген бағаны сақтау жөнінде келісімшарттар жасалуда. Бұл – Түркістан, Жамбыл, Ақмола және Павлодар облыстары. Екіншіден, айналым механизмдері бойынша күріш, қарақұмық және көкөніс тобына кіретін картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат белгіленген бағамен сатылатын шарттармен ірі бөлшек сауда желілерімен жеңілдетілген несиелер беру туралы келісімге қол қойылды. Қосымша жергілікті бюджеттен 1,5 миллиард теңгедей қаржы бөлінді. Бұл сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын бекіту үшін жеңілдетілген несиелерге бағытталған. Яғни күнбағыс майы, сүт, ет және азық-түлік өнімдерін сатып алуға бағытталған қор. Қазірдің өзінде бірнеше сауда орталық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өз бағасымен сатуда. Ол – «Кенмарт» және «Магнум». Ұн да жеткілікті мөлшерде сатып алынды. Осыған байланысты қаладағы бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан бағасы 90-95 теңгеден аспайтын болады. Қант бағасын тұрақтандыру мақсатында «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қалалық интервенциялар өткізіліп жатыр», – деді Ерлан Бекмұрзаев. Оның айтуынша, өсіп келе жатқан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеу мақсатында Үкімет тарапынан 9 тауарға баға белгілері қойылды. «Баға белгілері әр аймаққа жеке бекітілді. Бекітілген бағалар eGOV электронды ресми порталында орналастырылған. Бұл дегеніміз тиісті департаменттер мен құрамында әкімдік пен мобильді топтар бар. Оның ішінде монополияға қарсы департамент, прокуратура және волонтерлер қала ішінде рейд жүргізуді бастады. Осы сәтті пайдаланып, барлық кәсіпкерді бағаны қатаң сақтауға шақырамын. Белгіленген бағадан асырған кәсіпкерлерге тиісті шаралар қолданылатын болады. Рұқсат берілген бутиктерге бағаны бекітілген мөлшерден көтерген жағдайда тәртіп бұзушы 260 мың теңгеден 530 мың теңгеге дейін айыппұл төлеуіне тура келеді», – деді басқарма басшысы.
-->Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев астанадағы барлық кәсіпкерді бағаны қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Әкімдік қала резервтерін толтыру және бағаны тұрақтандыру бойынша бірқатар шара қабылдады. Біріншіден, өңірлермен жеміс, көкөніс және ет, азық-түлік өнімдеріне белгіленген бағаны сақтау жөнінде келісімшарттар жасалуда. Бұл – Түркістан, Жамбыл, Ақмола және Павлодар облыстары. Екіншіден, айналым механизмдері бойынша күріш, қарақұмық және көкөніс тобына кіретін картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат белгіленген бағамен сатылатын шарттармен ірі бөлшек сауда желілерімен жеңілдетілген несиелер беру туралы келісімге қол қойылды. Қосымша жергілікті бюджеттен 1,5 миллиард теңгедей қаржы бөлінді. Бұл сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын бекіту үшін жеңілдетілген несиелерге бағытталған. Яғни күнбағыс майы, сүт, ет және азық-түлік өнімдерін сатып алуға бағытталған қор. Қазірдің өзінде бірнеше сауда орталық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өз бағасымен сатуда. Ол – «Кенмарт» және «Магнум». Ұн да жеткілікті мөлшерде сатып алынды. Осыған байланысты қаладағы бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан бағасы 90-95 теңгеден аспайтын болады. Қант бағасын тұрақтандыру мақсатында «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қалалық интервенциялар өткізіліп жатыр», – деді Ерлан Бекмұрзаев. Оның айтуынша, өсіп келе жатқан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеу мақсатында Үкімет тарапынан 9 тауарға баға белгілері қойылды. «Баға белгілері әр аймаққа жеке бекітілді. Бекітілген бағалар eGOV электронды ресми порталында орналастырылған. Бұл дегеніміз тиісті департаменттер мен құрамында әкімдік пен мобильді топтар бар. Оның ішінде монополияға қарсы департамент, прокуратура және волонтерлер қала ішінде рейд жүргізуді бастады. Осы сәтті пайдаланып, барлық кәсіпкерді бағаны қатаң сақтауға шақырамын. Белгіленген бағадан асырған кәсіпкерлерге тиісті шаралар қолданылатын болады. Рұқсат берілген бутиктерге бағаны бекітілген мөлшерден көтерген жағдайда тәртіп бұзушы 260 мың теңгеден 530 мың теңгеге дейін айыппұл төлеуіне тура келеді», – деді басқарма басшысы.