Елорда жаңалықтары

Жоспарлы оталар эпидахуалға байланысты кейінге қалдырылды – Қисықова

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова онлайн брифингте жоспарлы оталар туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Жоспарлы оталар еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты уақытша тоқтатылып, кейінге қалдырылған болатын. Бұл тек Нұр-Сұлтанда ғана емес, басқа өңірлерде де солай. Алайда шұғыл жағдай орын алса, медициналық көмек көрсету, ота жасау жүргізіледі. Ал кейбір жекелеген жағдайлар медициналық ұйымдарда жекелей қарастырылады», – деді басқарма басшысы. Сондай-ақ ол қазіргі уақытта елордадағы «Қазақстан» спорт кешеніне модульдік зертхананың орналастырылғанын атап өтті. Оның сөзінше, әзірге басқа спорт кешендеріне зертхана немесе стационар ұйымдастыру жоспарда жоқ.

-->