Елорда жаңалықтары

Астанада жарақат алған науқастарға көмек көрсету үшін қанша төсек орны бар – Қисықова жауабы

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова науқастарға көмек көрсету үшін қанша төсек орны барын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «23 маусымнан бастап ауруханаға жатқызуды қажет ететін науқастардың ағымы болуы үшін ситуациялық орталық ұйымдастырылды. Орталық мамандары алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының бос төсек орындары туралы және ауруханада жатқызу мәселелерін шешуде қашықтан кеңес береді. Үлкендер мен балаларға жедел медициналық көмек толық көлемде жүргізіліп жатыр», - деді Сәуле Қисықова. Ол сөз арасында №2 қалалық аурухананың базасында қосымша ашылған бөлімшелер жайлы мәлімет берді. «№2 қалалық көпсалалы аурухананың базасында қосымша гемотология, токсикология және неврология бөлімшелері ашылды. Жарақат және күйік алған кезеңде медициналық көмек травмотологиялық және ортепедиялық ғылыми зерттеу институтында көрсетілетін болады. Қала тұрғындарына онкологиялық көмек көпсалалық медициналық орталығында көрсетіледі», - деді басқарма басшысы. Бұған қоса амбулаториялық және стационарлық көмек көрсетілетін төсек саны жайлы қозғап өтті. «Амбулаториялық көмек ауысымына 380 келушіге арналған емханада көрсетіліп, дәрі-дәрмектермен толық көлемде қамтамасыз етілуде. Стационарлық көмек 315 төсек орында, полиативтік көмек 30 төсектік стационарда көрсетіледі», - дейді ол.

-->