Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Мәскеуге барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Елорда Инфо Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Президенті бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:00-де Мәскеудегі Қызыл алаңда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад салтанатына қатысады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қояды және Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысады деп жоспарлануда.
-->Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Елорда Инфо Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Президенті бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:00-де Мәскеудегі Қызыл алаңда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад салтанатына қатысады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қояды және Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысады деп жоспарлануда.