COVID-19 вирусын жұқтырғандарға арналған елордадағы госпиталь құрылысы қалай жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан қаласындағы 200 орынға арналған жаңа стационардың құрылысы 5 сәуірде басталды. Онда 500 жұмысшы мен 100 техника жұмылдырылған. Жаңа аурухана 15 сәуірде пайдалануға берілуі тиіс, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Жаңа аурухана қазіргі жағдайды ескере отырып салынады. Онда дәрігерлердің резервтік мүмкіндіктерін кеңейтіп, науқастарға уақтылы көмек көрсетуге кепілдік берілмек.
Мамандардың сөзінше, басқа елдердегі жедел салынатын ауруханаларға қарағанда бұл ұзақ мерзімге қызмет көрсетіп, осы эпидемиядан кейін де қарапайым медициналық мекеме ретінде жұмысын жалғастырады.
[caption id="attachment_8107" align="alignnone" width="696"] Фото BI Groupбаспасөз қызметінен[/caption]
200 орынға жоспарланған емдеу мекемесінің сыйымдылығы қажет болған жағдайда екі еселенуі мүмкін. Ауруханаларда карантин, қарқынды терапия, реанимация аймақтары қарастырылған. Олар биохимиялық зертханалармен, рентген кабинеттерімен және компьютерлік томографиямен қамтамасыз етілетін болады. Оған қоса, аурухана палаталарындағы қалыпты қысымды қамтамасыз ететін арнайы желдету жүйесі орнатылуы өте маңызды. Бұл медицина қызметкерлеріне төндіретін қауіпті сейілтуге мүмкіндік бермек.
Аталған нысан инфекциялық қауіпсіздік талаптарына сай, оқшауланған. Автономды түрде жұмыс істей алатын, боксталған палаталары бар, желдету жүйесі жетілдірілген, реанимациялық палаталарда қысым болмауы қарастырылады. Құрылыс кезінде халықаралық қауіпсіздік стандарттары сақталады. Онда заманауи инфекциялық қауіпсіздік жүйелері пайдаланылып, медициналық және зертханалық жабдықтар орнатылады.
Жаңа жоба елімізге бұл шаралар коронавирус пандемиясын ғана емес, сондай-ақ болашақта өзге де індеттерге қарсы тұрып, оны дер кезінде жоюға мүмкіндік бермек.
[caption id="attachment_8069" align="alignnone" width="800"]
Фото авторы: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat[/caption]
Естеріңізге салсақ, бұл маңызды жоба туралы шешімді ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдаған болатын. Үкімет медициналық мекемелерді қысқа мерзімде салып, іске қосуды BI Group холдингіне тапсырды.
[caption id="attachment_8065" align="alignnone" width="800"]

Елордадағы нысанның жер жұмыстары алдын ала жүргізіліп, құрылыс 5 сәуірде басталды. Қазіргі уақытта инженерлік желілерді монтаждау жұмыстары аяқталып, неміс технологиясы бойынша MODEX зауытында жасалған модульдік темірбетон блоктар орнатылуда. Құрылыс алаңында 500-ден аса жұмысшы мен 100 техника бірлігі жұмылдырылған. Нысан қалалық фтизиопульмонология орталығына жақын орналасқан.
«Біздің мекемелеріміз бен мердігерлерден құралған құрама команда тобындағы 500 жұмысшы үш ауысымда күні-түні жұмыс істейді. Қытайдан да әріптестерімізден шақырту қабылдадық. Бірақ ол жағы әзірге қиындау. Госпиталь уақытша нысан болмайды. Пайдалануға берілгеннен кейін темірбетоннан тұрғызылған стационар солтүстік аймақтың климатына сай 50 жылға дейін шыдас беруі тиіс», – деген болатын BI Group холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев.
[caption id="attachment_8066" align="alignnone" width="800"]

Қала әкімдігі мен мемлекеттік органдар тарапынан құрылыс жобасына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар карантин жағдайында құрылысшыларды, техниканы және қажетті жүктерді жеткізу мен олардың еш кедергісіз жұмыс істеуі үшін толық медициналық бақылау жүргізіліп, «жасыл дәліздермен» қамтамасыз етілген.
Бұл аурухананы салуға елімізде науқастар санының артуы себеп болды. Кей науқас денсаулығының нашарлауына байланысты онда ұзақ уақыт емделуі мүмкін.
[caption id="attachment_8067" align="alignnone" width="800"]

Айта кетсек, мұндай аурухана Алматы мен Шымкент қалаларында да салынады. Оңтүстік астанадағы аурухана құрылысы 9 сәуір күні басталады. Ал Шымкентте жоба параметрлерін түзету жұмыстары жасалуда.