Қылмыстық іс қозғалуы мүмкін – Есмағамбетова үй карантинін сақтамайтындарға қандай шара қолданылатынын айтты
ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова үй карантинінде жатқан адамдар көшеге шыққан жағдайда оған қандай шара қолданылатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Егер науқас өз бетінше көшеге шықса, белгілі бір көрсеткіште айыппұл төлейді. Ал ол сырттағы адамдарға ауру жұқтырғаны анықталса, қылмыстық іс қозғалуы да мүмкін. Алайда қазіргі уақытта технологияның арқасында науқастардың үй карантинінің тәртібін қалай сақтап жатқаны туралы біліп отыруға мүмкіндігіміз бар. Мамандарымыз үнемі видеобайланыс арқылы хабарласып отырады», – деді ол.
-->ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова үй карантинінде жатқан адамдар көшеге шыққан жағдайда оған қандай шара қолданылатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Егер науқас өз бетінше көшеге шықса, белгілі бір көрсеткіште айыппұл төлейді. Ал ол сырттағы адамдарға ауру жұқтырғаны анықталса, қылмыстық іс қозғалуы да мүмкін. Алайда қазіргі уақытта технологияның арқасында науқастардың үй карантинінің тәртібін қалай сақтап жатқаны туралы біліп отыруға мүмкіндігіміз бар. Мамандарымыз үнемі видеобайланыс арқылы хабарласып отырады», – деді ол.