Елорда жаңалықтары

Өткен тәулікте елімізде 499 жаңа жағдай тіркелді – Есмағамбетова

ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова онлайн брифингте елдегі соңғы жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Елорда Инфо. «23 маусымда 28 856 коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдай тіркелді. Оның 18 231-і симптомы бар және 10 625 симптомсыз жағдай. Өткен аптада 7 840 жағдай тіркелген. Оның 2 937-сінің симптомы бар (37 пайыз) болса, 4 917-сі симптомсыз, яғни 63 пайыз. Алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,4 пайызға өскен. Еліміздің 8 өңірінде, яғни Ақмола, Қостанай, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттану көрсеткіші 2 еседен 6 есеге дейін көбейді. 5 аумақта, Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында дертке шалдығу жағдайы 20 пайыздан 50 пайызға дейін өсті. Қалған 4 аумақ, Алматы, Шымкен қалалары мен Ақтөбе, Қарағанды облыстарында аурудың өсу деңгейі байқалмады. Жалпы жағдайдың 37 пайызы байланыста болған адамдарда тіркелген. 38 пайызы профилактикалық тексеріс кезінде анықталған. 25 пайызы вирустық-инфекциялық дертке шалдыққан науқастар арасында тіркелген. Өткен тәулікте елімізде 499 жаңа жағдай анықталып, 816 симптомсыз вирус тасымалдаушы тіркелді. Жалпы, осы уақытқа дейін 127 науқас қайтыс болып, 11 158 науқас емделіп шықса, бір тәулік ішінде 251 адам емделіп шықты. 17 500 науқас емін жалғастыруда. Оның 8 229-ы стационарда, 9 342-сі амбулаториялық бақылауда жатыр», – деді ол.

-->