Коронавирустан қалай қорғану керек – сарапшы жауабы
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық денсаулық сақтау орталығының жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов онлайн брифингте коронавирустан сақтану жолдарын түсіндірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Оған әртүрлі жағынан қарау керек. Мысалы, тамақтану орталықтары мен саябақтарды ашып, көпшіліктің жүріп-тұруына рұқсат берілгендіктен, науқастар саны артты. Ұжымдарда да тіркеліп жатыр. Сондықтан жұмыс орындарында мамандардың қызуын тексеріп кіргізу керек. Одан кейін мамандар арасындағы арақашықтық 1,5 метрден кем болмауы тиіс. Сонымен қатар олардың жұмыс орнындағы қолданатын, қолдарымен ұстайтын заттары 2-3 сағат сайын дезинфекцияланып отыруы керек. Егер ұжымда аурушаң адам немесе басқа да симптомдары ар адамдар болса, оларды оқшаулауға арналған мекемеде бөлек кабинеттер қарастырылуы қажет. Сондай-ақ гигиеналық тазалықты сақтайтын барлық мүмкіндік жасалуы тиіс. Егер де мекеме мамандарының бірі шетелден келсе, олар 14 күн карантиндік оқшаулануы керек. Жиындар өткізілмеуі керек. Сол сияқты қоғамдық көліктер, оның ішінде теміржол, әуерейстері мен қала ішіндегі автобустар үнемі дезинфекцияланып отыруы керек. Жалпы, азаматтар қолдарын жиі-жиі жуып, бетперде тағып жүруге міндетті», – деді ол.
-->ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық денсаулық сақтау орталығының жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов онлайн брифингте коронавирустан сақтану жолдарын түсіндірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Оған әртүрлі жағынан қарау керек. Мысалы, тамақтану орталықтары мен саябақтарды ашып, көпшіліктің жүріп-тұруына рұқсат берілгендіктен, науқастар саны артты. Ұжымдарда да тіркеліп жатыр. Сондықтан жұмыс орындарында мамандардың қызуын тексеріп кіргізу керек. Одан кейін мамандар арасындағы арақашықтық 1,5 метрден кем болмауы тиіс. Сонымен қатар олардың жұмыс орнындағы қолданатын, қолдарымен ұстайтын заттары 2-3 сағат сайын дезинфекцияланып отыруы керек. Егер ұжымда аурушаң адам немесе басқа да симптомдары ар адамдар болса, оларды оқшаулауға арналған мекемеде бөлек кабинеттер қарастырылуы қажет. Сондай-ақ гигиеналық тазалықты сақтайтын барлық мүмкіндік жасалуы тиіс. Егер де мекеме мамандарының бірі шетелден келсе, олар 14 күн карантиндік оқшаулануы керек. Жиындар өткізілмеуі керек. Сол сияқты қоғамдық көліктер, оның ішінде теміржол, әуерейстері мен қала ішіндегі автобустар үнемі дезинфекцияланып отыруы керек. Жалпы, азаматтар қолдарын жиі-жиі жуып, бетперде тағып жүруге міндетті», – деді ол.