Елорда жаңалықтары

«Мың бала» олимпиадасының ІІ кезеңін өткізу мерзімі кейінге шегерілді

Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасының ІІ кезеңін өткізу мерзімі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Елбасы Академиясы» корпоративті қоры келесіні хабарлайды. «Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің шешімімен екінші кезеңді өткізу  мерзімі 2020 жылдың 25-26 маусымынан 2020 жылдың 6-7 тамыз күндеріне ауыстырылды», - делінген хабарламада. Қатысушы балалар саны және олимпиаданың екінші кезеңін өткізу орындары өзгеріссіз қалады. Барлық жаңа өзгерістер жөнінде қосымша жарияланады. Қосымша ақпаратты 7170 байланыс нөміріне хабарласып, білуге болады.

-->