Елорда жаңалықтары

Болат Омаров: Бүгінгі сын-қатерлерге стандартты емес, адекватты  жауап қажет

Партияның астаналық филиалында "Nur Otan" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Қаналимовтың төрағалығымен отырыс өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо. Жиында елордалық кәсіпкер және қоғам қайраткері Болат Омаров басқаратын кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспары бекітілді. Қоғамдық кеңестің құрамы басшылардың, кәсіпкерлердің және еңбек ұжымдарының мүшелерінен анықталды. Шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшылығы, шағын және орта бизнес өкілдері, танымал қоғам қайраткерлері, елорданың бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты. Елорда төңірегінде «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 қадамы» Ұлт жоспарын іске асыруға белсенді қатысу үшін Кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды. «Менің ойымша, біз «Нұр Отан» партиясының филиалы жанындағы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестің алаңында кәсіпкерлерге, әсіресе ШОБ секторына көмек пен қолдау көрсетуіміз керек. Шағын және орта бизнеске кәсіпкерлік қызметті қорғауды қамтамасыз ету және шаруашылық қызметті жүзеге асырудағы әкімшілік кедергілерге қарсы күресті ұйымдастыру. Отандық өндірушіні қолдау бойынша шаралар  әзірлеу қажет», – деді Болат Омаров. Кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі Қоғамдық кеңес кәсіпкер әйелдерді, жас кәсіпкерлерді, мүмкіндігі шектеулі жандарды және пандемиямен байланысты қиын жағдайға тап болған адамдарды қорғау және қолдау шараларын ұйымдастыруды мақсат етіп отыр. Кеңес жұмысының маңызды бағыты Болат Омаровтың сөзіңше, жеңілдетілген шағын несие бағдарламалары бойынша кәсіпкерлерді қаржыландыру және кәсіпкерлерге коммуналдық меншікті тегін үй-жайлармен қамтамасыз ету. "Әлеуметтік кәсіпкерлік әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жұмыспен қамтудың баламалы нысаны ретінде нарықтың қазіргі жағдайына тап болған көптеген адамдар үшін тиімді мүмкіндік болады. Мен бұл жағдайда Үкіметтен ШОБ үшін салықты төмендетуді сұрау керектігіне  сенімдімін. Бұл  пандемия – кәсіпкерлер үшін ерекше қолдау шараларын талап ететін экстракризис екенін түсінуіміз керек", – деді Қоғамдық кеңестің төрағасы. Кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі Қоғамдық кеңес жасаған барлық ұсыныстар Ұлт жоспарын реформалаудың қисынды жалғасы болып саналады. Қоғамдық кеңес елорда кәсіпкерлерінің мүддесін білдіретін нақты орган ретінде ШОБ және мемлекеттік билік диалогында әрекет етуші, тиімді буын бола алады. Пандемия әлемдік экономика үшін кері әсерін тигізуде. Ал кәсіпкерлер бұл құбылыстың барлық жағымсыз салдары мен тәуекелдерін қабылдайтын азаматтардың бірінші категориясында. Дәл қазіргі кезде бизнес-қоғамдастық іскерлік белсенділікті қолдауға назар аударуы керек. Бұл істе бизнес пен мемлекеттің толыққанды диалогынсыз жұмыс істеу мүмкін емес. Қоғамдық кеңестің басты миссиясы Болат Омаровтың айтуынша, "Nur Otan"партиясы алаңында мемлекеттік органдар, бизнес және азаматтық қоғам бірлестігі сайланды. Тек өзара бірлесу арқылы жұмыс істеу аз шығынмен күрделі экономикалық жағдайдан шығуға мүмкіндік береді.

-->