«Astana Finance Days» конференциясы биыл онлайн форматта өтеді
«Astana Finance Days» конференциясы биыл онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо қаржы орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «29 маусым мен 3 шілде аралығында «Астана» халықаралық қаржы орталығы үшінші рет жыл сайынғы «Astana Finance Days» қаржы конференциясын өткізеді», делінген хабарламада. Конференция биыл онлайн форматта өтеді. Негізгі тақырыбы – «Құбылмалы әлемдегі нарықтар». Конференция барысында жаһандық экономика, қаржы технологиялары, капитал нарығы, АХҚО құқығы, исламдық қаржы және адам капиталын дамыту секілді тақырыптар көтеріледі.
-->«Astana Finance Days» конференциясы биыл онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо қаржы орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «29 маусым мен 3 шілде аралығында «Астана» халықаралық қаржы орталығы үшінші рет жыл сайынғы «Astana Finance Days» қаржы конференциясын өткізеді», делінген хабарламада. Конференция биыл онлайн форматта өтеді. Негізгі тақырыбы – «Құбылмалы әлемдегі нарықтар». Конференция барысында жаһандық экономика, қаржы технологиялары, капитал нарығы, АХҚО құқығы, исламдық қаржы және адам капиталын дамыту секілді тақырыптар көтеріледі.