Елорда жаңалықтары

ҰБТ-ның алғашқы күні тәртіп бұзған 164 адамның нәтижесі жойылды

Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова биылғы ҰБТ-ның алғашқы күні жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. "20 маусым мен 5 шілде аралығында өткізілетін еліміздегі ҰБТ-ға 131 754 өтініш түсті. 21 маусым күні тестілеу еліміздің 15 өңіріндегі 161 пунктың 51-інде өткізілді. Оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. ҰБТ-ның алғашқы күні 6 512 адам қатысуы керек еді, бірақ 6 186 тестіленуші келді. Яғни 95 пайызды құрады", - дейді ол. Ол сөз арасында биылғы ерекшеліктер бойынша қандай тәртіп қолданылғанын мәлім етті. "Биылғы ерекшеліктердің бірі - ғимаратқа кіргізу кезінде тыйым салынған заттар табылғанда талапкердің тестке жіберілмеуі. Осы қағида негізінде 21 маусым күні елімізде 73 адам тестке жіберілмеді. Сонымен қатар 91 адам ҰБТ өткізу тәртібін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды. Тәртіп бұзғандардың жалпы саны 164 адамды құрады. Тиісінше олардың нәтижелері жойылып, ағымдағы жылғы тестілеуге қатысудан айырылып отыр. Ал былтыр бұл көрсеткіш барлық тестілеу мерзімінде 24-ті құраған болатын", - дейді тестілеу орталығының өкілі.

-->