Елорда жаңалықтары

Есепте тұрған сотталғандарға тексеріс жүріп жатыр

Еліміз бойынша "Шартты" республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Жедел алдын-алу іс шараларын өткізу кезінде ПҚБ қызметкерлері жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандарды мекенжайы, демалатын ойын-сауық кешендері бойынша кешкі және түнгі уақыт аралығында тексеріс жүргізіп жатыр. Мысалы, бас бостандығынан шектеу жазасының тәртібін бұзғаны үшін сотталушы Н-ға қатысты Өскемен қаласының №2 сотының қаулысымен қайталама қылмысқа жол бергендігі үшін бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Ал сотталған Т-ға қатысты осы күнгі Өскемен қаласының сот қаулысы жаза өтеу кезінде ешқандай жаза өтеу тәртібін бұзбағандығының арқасында бас бостандығынан шектеу жазасы жеңілдетіліп, мерзімінен бұрын босатылды. Айта кетсек, 2020 жылы сотталғандар арасында қайталама қылмыс жасағандардың саны 2019 жылмен салыстырғанда екі есеге азайтылған. "Шартты" профилактикалық іс-шарасының мақсаты – сотталғандар тарапынан құқық бұзушылық пен қайталама қылмысты болдырмау және олардың алдын алу, сотталғандарды оң жолға бағыттау.

-->