Елорда жаңалықтары

Қазақстанның әскери медицинасы жаңа жағдай мен қауіп-қатерде дамып келеді

Медициналық қызметкерлер күні қарсаңында әскери дәрігерлер жан аямай өздерінің кәсіби және әскери міндеттерін орындауда, деп хабарлайды Елорда Инфо Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Коронавирустық инфекциямен күрес жағдайында әскери-медициналық қызметтің күш-жігері әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын сақтауға бағытталған. Әскери дәрігерлер жеке құрамның жай-күйін барлық әскерлер құрамаларында да бақылайды. Мәселен, күн сайын медициналық тексеру жүргізеіп, санитарлық және профилактикалық нормалардың сақталуын тексереді, сондай-ақ алдын алу шараларын түсіндіреді. Қажетті ресурстар азаматтық денсаулық сақтауға да бөлінген. Инфекциялық стационар ретінде Қорғаныс Министрлігінің Алматыдағы әскери клиникалық госпиталі және Талдықорған қаласындағы әскери госпиталі тікелей жұмылдырылған. Қорғаныс министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы Бас әскери-клиникалық госпиталі провизорлық стационарға қайта бейімделеді. Коронавирус індеті бар науқастарды қабылдау үшін Гвардейск, Сарыөзек, Тараз және Үшаралда әскери-медициналық қор дайындалған. Алматыдан 30 шақырым жерде карантиндік стационар ретінде, далалық мобильді госпиталь, шатырлы лагерь мен жатақхананың жеке ғимараты орналастырылды. Қарулы Күштерде жеке құрамды COVID-19 және басқа да жұқпалы ауруларға тестілеу жүргізуге мүмкіндік беретін алғашқы жеке ПТР-зертхана жұмыс істейді. Қазақстанның әскери медицинасын дамыту бойынша жоспарлар – ауқымды. 2019 жылдың желтоқсан айында Бас әскери-медициналық басқармасы даму бағдарламасын ұсынды. Оны іске асыру бейбіт және соғыс уақытында міндеттерді дербес шешуге қабілетті, сондай-ақ медициналық қамтамасыз ету мен сақтандырудың жалпы жүйесінде бәсекеге қабілетті өзін-өзі қамтамасыз ететін әскери-медициналық бөлімшелер мен мекемелер құруға мүмкіндік береді. Жақын перспективада әскери-медициналық қызметтің ұйымдық-штаттық құрылымы жетілдірілетін болады, бұл әскери бөлімдер мен мекемелерді қазіргі заманғы деңгейде медициналық көмектің толық спектрімен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, әскери медициналық мекемелердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуы басталады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өңірлік филиалдарымен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды, медициналық қызметтердің жекелеген түрлерін көрсетуге өтінімдер берілді. Алматы мен Талдықорғандағы екі әскери госпиталь әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне ғана емес, оларға бекітілген азаматтарға да тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызмет көрсетеді.

-->