Әскерге шақыруды ұйымдастыру мен өткізуге толықтырулар енгізіледі
«Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді, деп хабарлайды Елорда Инфо Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, ереже келесі тармақтармен толықтырылды: - 39-1 «Мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын әскерге шақырылушылардың медициналық комиссиядан өту кезеңінде жұмыс орны (лауазымы), жергілікті әскери басқару органдарына шақыру туралы қағазы болған кезде жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады, ал мерзімді әскери қызметті өткеру кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.)»; - 76-1 «Әскери жиындарға шақырылуға жататын әскери міндеттілердің медициналық комиссиядан өту кезеңінде жұмыс орны (лауазымы), жергілікті әскери басқару органдарына шақыру қағазы болған кезде жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады». Жоба ҚР Еңбек кодексінің 124 бабы, 3 тармағына сәйкес әзірленді.
-->«Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді, деп хабарлайды Елорда Инфо Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, ереже келесі тармақтармен толықтырылды: - 39-1 «Мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын әскерге шақырылушылардың медициналық комиссиядан өту кезеңінде жұмыс орны (лауазымы), жергілікті әскери басқару органдарына шақыру туралы қағазы болған кезде жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады, ал мерзімді әскери қызметті өткеру кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.)»; - 76-1 «Әскери жиындарға шақырылуға жататын әскери міндеттілердің медициналық комиссиядан өту кезеңінде жұмыс орны (лауазымы), жергілікті әскери басқару органдарына шақыру қағазы болған кезде жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады». Жоба ҚР Еңбек кодексінің 124 бабы, 3 тармағына сәйкес әзірленді.