Елорда жаңалықтары

Коронавирус сынамасы оң нәтиже көрсетсе де науқастар ауруханаға неліктен жатқызылмайды

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева коронавирус инфекциясына тапсырылған тест сынамасы оң нәтиже көрсетсе де науқастар стационарларға неліктен жатқызылмайтынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «ПТР диагностика қойылғанда пациенттер симптомды және симптомсыз (клиникалық белгілері жоқ) болып екіге бөлінеді. Егер науқастың бойында клиникалық белгілері байқалмаса, ал коронавирус сынамасы оң нәтиже көрсетсе әрі жағдайы жеңіл күйде болса ол адам амбулаторлық бақылауда, яғни дәрігерлердің назарында болады», - деді Ләззат Ақтаева. Ол сөз арасында жеңіл жағдайға кімдер кіретінін түсіндіріп берді. «Негізгі критерий ретінде демалу жүйесінің қалыпты күйде болуы, яғни минутына кем дегенде 24 мәрте дем ала алуы жатады. Температурасы норма күйінде немесе 38 градустан төмен болуы жеңіл дәрежелі санатқа жатады», - деді ол. Бұған қоса өңештің қызаруы, тамақтың жыбырлауы, мұрынның бітеліп қалуы, аздаған жөтел, тамыр бүлкілі минутына 60-80 соғуы жеңіл каторальды құбылыс болуы мүмкін екенін жеткізді. «Егер науқастың бойынан интоксикация, яғни бас, бұлшық ет ауруы, дененің сырқырауы, дене қызуы 38 градустан жоғары болса, демалу жүйесінің бұзылуы, демікпе секілді өзгерістер байқалса коронавирустың ауыр түріне жатқызылады. Міне осындай науқастар стационарда бақылауда болуы қажет», - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы.

-->