Л.Ақтаева: Бүгінде еліміздегі инфекция жұқтырғандар саны – 15,9 мың
ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева елдегі эпидахуал туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бүгінгі күнде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны – 15 877. Бұл – ауырып жатқан науқастар саны. Өздеріңіз білесіздер, 3 маусымнан бастап симптомсыз вирус тасымалдаушылардың статистикасы бөлек есептеледі. Қазіргі уақытта 6 831 симптомсыз тасымалдаушы ретінде тіркелді. Өткен тәулікте еліміз бойынша 335 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды. Өсім 2,2 пайызды құрап отыр. Еліміздің 15 өңірінде вирус жұқтырғандар саны артып барады. Соның ішінде Ақмола, Павлодар, Қостанай, Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы көрсеткіш өте жоғары. Осы уақытқа дейін 97 адам коронавирустан қайтыс болса, 9 902 науқас емделіп шықты. Соңғы тәулікте 255 адам жазылды. 12 709 науқас әлі де емделіп жатыр. Соның ішінде 237 бала бар. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Жансақтау бөлімінде 125 науқас жатыр. ПЦР талдау арқылы зертханаларды диагностика жасау жалғасуда. Осы уақытқа дейін 1 миллион 240 мың тест қабылданды», – деді ол.
-->ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева елдегі эпидахуал туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бүгінгі күнде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны – 15 877. Бұл – ауырып жатқан науқастар саны. Өздеріңіз білесіздер, 3 маусымнан бастап симптомсыз вирус тасымалдаушылардың статистикасы бөлек есептеледі. Қазіргі уақытта 6 831 симптомсыз тасымалдаушы ретінде тіркелді. Өткен тәулікте еліміз бойынша 335 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды. Өсім 2,2 пайызды құрап отыр. Еліміздің 15 өңірінде вирус жұқтырғандар саны артып барады. Соның ішінде Ақмола, Павлодар, Қостанай, Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы көрсеткіш өте жоғары. Осы уақытқа дейін 97 адам коронавирустан қайтыс болса, 9 902 науқас емделіп шықты. Соңғы тәулікте 255 адам жазылды. 12 709 науқас әлі де емделіп жатыр. Соның ішінде 237 бала бар. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Жансақтау бөлімінде 125 науқас жатыр. ПЦР талдау арқылы зертханаларды диагностика жасау жалғасуда. Осы уақытқа дейін 1 миллион 240 мың тест қабылданды», – деді ол.