Елорда жаңалықтары

Елордада қосымша провизорлық стационар ашылады – басқарма басшысы

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова онлайн брифингте елордада қосымша провизорлық стационардың ашылатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Нұр-Сұлтандағы коронавирус инфекциясына арналған 2 мың орынның бүгінде 90 пайызы бос емес. Алайда ауруханалар тек өздерінің сыйымдылығына қарай жұмыс жүргізіп жатыр. Қосымша жүктеме әзірге қарастырылып жатқан жоқ. Жақында бір провизорлық стационар инфекциялық ауруханаға айналып, оның орнына басқа провизорлық стационар ашылады деп жоспарлануда. Яғни орын саны артатын болады», – деді басқарма басшысы.

-->