Елорда жаңалықтары

Базардан ет сатып аларда олардың сертификатын талап ету керек - басқарма басшысы

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова онлайн брифингте базардан ет сатып алу қаншалықты қауіпсіз екені туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Базардан ет сатып аларда олардың сертификатын талап еткеніңіз дұрыс. Онда өнім сапасын арнайы ветеринариялық қызмет бақылайды. Сол сияқты сатушылардың денсаулығын да мекеме басшылығы бақылауға тиіс. Олардың қолында санитарлық кітапшасы болуы қажет. Сол бойынша сатушылар жұмыс орнына кіргізіледі», – деді басқарма басшысы.

-->