Елорда жаңалықтары

«Барыс» клубының бас бапкері Андрей Скабелка қызметінен кетті

«Барыс» хоккей клубының бас бапкері Андрей Скабелка қызметінен кетті, деп хабарлайды Елорда Инфо клубтың ресми сайтына сілтеме жасап. Команда мен бас бапкер арасындағы келісім 2020 жылдың 30 сәуірінде аяқталады. Ал тараптар келісімшартты ұзарту туралы мәмілеге келген жоқ. Осылайша, команда жаңа бапкер іздеуге кірісті. Айта кетелік, Скабелканың жетекшілігімен «Барыс» өз тарихындағы үздік нәтижелерді тіркеді. Команда екі рет Гагарин кубогі плей-офф кезеңінің екінші айналымына өтті.

-->