Елорда жаңалықтары

Егер инфекцияның белгісі байқалмаса, тест тапсырудың қажеті жоқ – Қисықова

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова онлайн брифингте елордадағы зертханалардың 20-дан аса қызметкерінің инфекция жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Елордалықтардың коронавирус инфекциясымен күресін күшейту мақсатында жедел жәрдем жанынан қосымша байланыс орталығы құрылды. Сонымен қатар бұрын қалада бір ғана зертхана жұмыс істесе, бүгінде тәулігіне 5 мыңға дейін тест қабылдауға қауқарлы 8 зертхана бар. 17 маусым күні 170 мың тест тапсырылды. Сол сияқты өкпені желдету аппараттарын сатып алудамыз. Зертханалар қызметіне өте ауыр жүктемелер түседі. Тест жетіспеушілігі мен нәтижелерін өзгертуге жол бермеу үшін басқалардың тест тапсыруына негіз жоқ. Зертханалардың 20-дан аса қызметкері вирус жұқтырды. Олар күні-түні, тәулік бойы жұмыс істеді. Айта кету керек, егер сізде инфекцияның белгісі жоқ болса, тест тапсырудың қажеті жоқ», – деді ол.

-->