«Елбасы медалі» бағдарламасына үміткерлерге тәлімгерлер көмек көрсетеді – Д.Қапыс
«Елбасы медалі» бағдарламасының аймақтық үйлестірушісі Дәрмен Қапыс онлайн брифингте бағдарламаны ұйымдастыру барысы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Білім инновация» қоры аталған бағдарламаның серіктесі болып саналады. Біз тәлімгерлерді, сарапшыларды және жоба қатысушыларын қолдау мақсатында аймақтық үйлестірушілер мен ресурстық орталықтар желісін құрумен айналысамыз. Сонымен қатар әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз етеміз. «Елбасы» медаліне үміткерлер өздерінің дарыны мен шеберлігін тәлімгерлердің көмегі арқылы шыңдайтын болады. Әрине, тәлімгерлердің барлығының педагогикалық білімі бар. Олардың негізгі міндеті – өз қамқорлығындағы жастардың әдістемелік жұмыстарын бірігіп құруға көмектесу. Бағдарлама қатысушыларын қолдау мақсатында бейнесабақтар онлайн режимінде жүргізілетін болады», – деді үйлестіруші. Оның айтуынша, сабақ үш бағыттан, яғни дене шынықтыру және спорт, дағды мен дарынды дамыту, ұлттық мұра бағыттарынан тұрады. «Осы сәтті пайдалана отырып, 14 пен 29 жас аралығындағы жастарды бағдарламаға белсенді қатысуға шақырамын. Қатысу үшін сайтқа кіріп тіркелу керек немесе колл-орталықтың 7170 нөміріне хабарласуға болады», – деді ол.
-->«Елбасы медалі» бағдарламасының аймақтық үйлестірушісі Дәрмен Қапыс онлайн брифингте бағдарламаны ұйымдастыру барысы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Білім инновация» қоры аталған бағдарламаның серіктесі болып саналады. Біз тәлімгерлерді, сарапшыларды және жоба қатысушыларын қолдау мақсатында аймақтық үйлестірушілер мен ресурстық орталықтар желісін құрумен айналысамыз. Сонымен қатар әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз етеміз. «Елбасы» медаліне үміткерлер өздерінің дарыны мен шеберлігін тәлімгерлердің көмегі арқылы шыңдайтын болады. Әрине, тәлімгерлердің барлығының педагогикалық білімі бар. Олардың негізгі міндеті – өз қамқорлығындағы жастардың әдістемелік жұмыстарын бірігіп құруға көмектесу. Бағдарлама қатысушыларын қолдау мақсатында бейнесабақтар онлайн режимінде жүргізілетін болады», – деді үйлестіруші. Оның айтуынша, сабақ үш бағыттан, яғни дене шынықтыру және спорт, дағды мен дарынды дамыту, ұлттық мұра бағыттарынан тұрады. «Осы сәтті пайдалана отырып, 14 пен 29 жас аралығындағы жастарды бағдарламаға белсенді қатысуға шақырамын. Қатысу үшін сайтқа кіріп тіркелу керек немесе колл-орталықтың 7170 нөміріне хабарласуға болады», – деді ол.