Елорда жаңалықтары

«Елбасы медалі» жобасы. Медаль иегерлерінің ұпайы тең болғанда білім грантын алуға құқық бар

Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова «Елбасы медалі» жобасына кімдер қатыса алатынын, сондай-ақ бұл бастаманың ерекшеліктерін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Байқауға қатысатындардың жасы 14-29 аралығында болу – бағдарламаның негізгі шартының бірі. Ал олардың тұрып жатқан жері, білімі, мамандығы жағы маңызды емес. Елбасы медалін мақсатына ұмтылған әрбір қазақстандық жас буын иемдене алады. Бағдарламаға қатысу үшін fpp.kz онлайн платформасына тіркеліп, ұсынылған алтын, күміс немесе қола бағыттарын таңдау керек. Содан кейін өзімізге арнайы бекітілген тәлімгердің көмегімен өз қалауыңызға сай іс-шаралар мен кестені таңдап, жеке даму бағдарламасын жасай аласыз», - деді Ш.Қадырова. Басқарма басшысы өз сөзінде мүмкіндігі шектеулі жандардың да қатысуына жағдай жасалатынын айтып өтті. «Мүмкіндігі шектеулі жастардың бағдарламаға қатыса алатындай жеке кесте құруға жағдай жасалады. Тағы бір ерекше тоқтала кететін жағдай, бағдарлама шеңберінде еріктілердің қызметі Мемлекет басшысының Волонтерлер жылының ашылуы кезінде айтқан міндеттеріне сәйкес болады», - деді ведомство жетекшісі. Медаль иегерлерінің ұпайлары тең болған жағдайда қандай амалдар қолданылатыны мәлім болды. «Елбасы медалі жастардың тек білімінің және табысының символы ғана болып қалмайды. Болашақ мектеп түлектері үшін де елдегі жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастыруға жасалған тың қадам. Медаль иегерлерінің ұпайлары тең болған жағдайда ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен білім грантын, сондай-ақ қала әкімінің грантын алуға толық құқығы бар», - дейді ол.

-->