«Елбасы медалі» бағдарламасына қатысушыларға қандай талап қойылады – аймақтық үйлестіруші жауабы
«Елбасы медалі» бағдарламасының аймақтық үйлестірушісі Дәрмен Қапыс онлайн брифингте бағдарламаға қатысушыларға қандай талап қойылатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын бірден-бір талап – олардың жастарының 14 пен 29 жас аралығында болуы. Үміткерлер осы талап бойынша іріктелетін болады», – деді ол. Сонымен қатар аймақтық үйлестіруші «Елбасы медалі» иегерлеріне шетелде білім алу мүмкіндігі бар ма?» деген сауалға былай деп жауап берді: «Бағдарлама жеңімпаздары үшін шетелде білім алу немесе тәжірибеден өту қарастырылмаған».
-->«Елбасы медалі» бағдарламасының аймақтық үйлестірушісі Дәрмен Қапыс онлайн брифингте бағдарламаға қатысушыларға қандай талап қойылатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын бірден-бір талап – олардың жастарының 14 пен 29 жас аралығында болуы. Үміткерлер осы талап бойынша іріктелетін болады», – деді ол. Сонымен қатар аймақтық үйлестіруші «Елбасы медалі» иегерлеріне шетелде білім алу мүмкіндігі бар ма?» деген сауалға былай деп жауап берді: «Бағдарлама жеңімпаздары үшін шетелде білім алу немесе тәжірибеден өту қарастырылмаған».