Қазақстанның халық саны 18 млн 700 мыңнан асты
Қазақстанның халық саны 18 млн 711,2 мың адамға жетті. Мұндай деректі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо. «2020 жылғы 1 мамырда еліміздегі халық саны 18,7 мың адам болды. Оның ішінде қалалықтар – 11 млн (58,8%), ауылдықтар – 7,7 млн адам», – делінген таратылған ақпаратта. Комитет мәліметінше, 2019 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 242,4 мың адамға немесе 1,3 пайызға өскен. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсім еліміздің 3 өңірінде: Алматы қаласы (63,7 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласы (55,5 мың адам) және Түркістан облысында (33,1 мың адам) тіркелген.
-->Қазақстанның халық саны 18 млн 711,2 мың адамға жетті. Мұндай деректі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо. «2020 жылғы 1 мамырда еліміздегі халық саны 18,7 мың адам болды. Оның ішінде қалалықтар – 11 млн (58,8%), ауылдықтар – 7,7 млн адам», – делінген таратылған ақпаратта. Комитет мәліметінше, 2019 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 242,4 мың адамға немесе 1,3 пайызға өскен. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсім еліміздің 3 өңірінде: Алматы қаласы (63,7 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласы (55,5 мың адам) және Түркістан облысында (33,1 мың адам) тіркелген.