Елорда әкімі белсенді еріктілерді марапаттады
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолы қойылған Алғыс хаттарды елорда әкімі Алтай Көлгінов табыс етті. Бұл туралы Елорда Инфо "Nur Otan" партиясының елордалық филиалына сілтеме жасап хабарлайды.
Марапаттау рәсімі "Nur Otan" партиясының елордалық филиалында өтті. Марапатталғандар қатарында 10 адам бар. Оның ішінде танымал тележүргізуші, эстрада әншісі, "ҚазАқпарат"ХАА" АҚ Басқарма төрағасы, кəсіпкер, спортшылар, сондай-ақ "Jas Otan"жастар қанатының мүшелері бар.
ТЖ әрекет ету кезеңінде олардың әрқайсысы өздерін лайықты көрсете білді. Мысалы, Қазақстан NOMAD MMA республикалық федерациясының президенті Гаджи Гаджиев ниеттес жандармен бірге 2000-нан астам қарттар мен жалғыз басты қала тұрғындары үшін күнделікті ыстық тамақ ұйымдастырды. Кəсіпкер Досбол Жылқыбаев 700 аз қамтылған отбасыға азық-түлік жиынтығын сатып алуға қаржы бөлді. Әнші Досымжан Таңатаров, тележүргізуші Әйгерім Есенәлі, "Болашақ" стипендиаттар қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова "Біз біргеміз!" акциясы аясында азық-түлік себеттерін жасау және тасымалдау бойынша көмек көрсетті. Фитнес жаттықтырушысы Екатерина Острожная 200-ден астам мұқтаж отбасына азық-түлік себеттері мен гигиеналық құралдарды жеке көлігімен тасымалдады.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Елбасының атынан 700-ден астам адам алғыс хат алды. Алайда, карантин режиміне байланысты салтанатты жағдайда олардың бір бөлігі ғана атап өтілді.