Парламент Палаталарының бірлескен отырысы 22 маусымда өтеді
Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Елорда Инфо Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Өкімімен Парламент Палаталарының Бірлескен отырысы Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес шақырылды. «2020 жылы 22 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойдым. Үкіметтің және Есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалатын болады», - деп жазды Мәжіліс Төрағасы өзінің Твиттердегі парақшасында.
-->Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Елорда Инфо Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Өкімімен Парламент Палаталарының Бірлескен отырысы Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес шақырылды. «2020 жылы 22 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойдым. Үкіметтің және Есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалатын болады», - деп жазды Мәжіліс Төрағасы өзінің Твиттердегі парақшасында.