Елорда жаңалықтары

«Отан шекарадан басталады» тақырыбы бойынша эскиздік мурал жобасына конкурс жарияланды

ҰҚК Шекара қызметі «Отан шекарадан басталады» тақырыбына ең үздік эскиздік мурал жобасына конкурс жариялады. Бұл туралы Елорда Инфо ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жұмыстың тақырыпқа сай болуы, креативтілігі, көркемдік мақсатқа сәйкестігі, жаңашылдығы, сабақтастық пен шекараның қазіргі заманғы сипаты ескеріледі. Конкурс жеңімпазы 2020 жылғы 1 шілдеде «Жасыл фуражка күнінде» жарияланады. «Конкурсты өткізу тәртібіне сәйкес жеңімпаздың суреті 18 тамызда Шекара қызметінің құрылған күніне орай ҰҚК ШҚ ғимаратының қабырғасында көпшілікке ұсынылатын болады. Толтырылған өтінімі бар суреттердің эскизі 27 маусымға дейін press@shekaraknb.kz эл. поштасы арқылы қабылданады. knb.gov.kz сайтынан өтінім үлгісін көшіріп алуға және конкурс туралы толық білуге болады», деп көрсетті баспасөз қызметі.

-->